2026 жылдың 23 ақпанында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Digital колледжінің өкілі Сұлтан Темірхан келіп, таныстырылым өткізді. Кездесу барысында колледждің білім беру бағыттары, IT және цифрлық технологиялар саласына қатысты мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, тәжірибелік дайындық мүмкіндіктері және қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
2026 жылдың 23 ақпанында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында KazGASA колледжінің өкілі Төлеубекова Аяулым келіп, таныстырылым өткізді. Кездесу барысында оқу орнының білім беру бағыттары, сәулет, құрылыс және дизайн саласына қатысты мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау талаптары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді.