13.04.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы » № 104 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№104 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 13.04.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
13
апрель
2026

13.04.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы

2026 жылдың 13 сәуірінде 10–11-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған «Мамандықтар көрмесіне» қатысты. Al-Farabi Kazakh National University

Іс-шара барысында оқушыларға әртүрлі білім беру бағыттары, университеттің факультеттері, заманауи мамандықтар, қабылдау талаптары және оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар интерактивті таныстырылымдар, шеберлік сағаттары және түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Көрме аясында оқушылар өздерін қызықтырған бағыттар бойынша толық мәлімет алып, жоғары білім алу мүмкіндіктерімен танысты. Бұл іс-шара олардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, болашақ мамандық таңдауға саналы шешім қабылдауына ықпал етті.