23
март
2026
23.02.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
2026 жылдың 23 ақпанында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында KazGASA колледжінің өкілі Төлеубекова Аяулым келіп, таныстырылым өткізді. Кездесу барысында оқу орнының білім беру бағыттары, сәулет, құрылыс және дизайн саласына қатысты мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау талаптары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Таныстырылым барысында оқушылар болашақ мамандық таңдау, шығармашылық және инженерлік бағыттағы кәсіби даму жолдары, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы мәлімет алды. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға ықпал етті.
