23.04.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы » № 104 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№104 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 23.04.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
23
апрель
2026

23.04.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы

2026 жылдың 23 сәуірінде 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өкілдері таныстырылым өткізді. Kazakh National Women’s Teacher Training University

Іс-шара барысында университеттің білім беру бағдарламалары, педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау талаптары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Таныстырылым кезінде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, педагогикалық мамандықтардың маңызы мен болашақ кәсіби даму жолдары туралы толық мәлімет алды. Іс-шара олардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, мамандық таңдауға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.