2026 жылы 22 қаңтар күні №104 жалпы білім беретін мектепте 6–8 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кәсіби бағдар беру бағытындағы ата-аналар жиналысы өтті. Жиын барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай кәсіби бағыт беру, болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы, қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар ата-аналарға баланың кәсіби бағдарын қалыптастырудағы отбасылық қолдаудың маңызы түсіндірілді.
2026 жылғы 14 қаңтар күні №104 жалпы білім беретін мектепке Қазақ–Қытай халықаралық колледжінің өкілдері келіп, оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында таныстырылым өткізді. Іс-шара барысында колледждің білім беру бағдарламалары, сұранысқа ие мамандықтар, оқу ерекшеліктері мен қабылдау талаптары туралы ақпарат ұсынылды. Оқушылар халықаралық бағыттағы білім алу мүмкіндіктерімен танысып, болашақ мамандықты таңдауға қажетті маңызды мәліметтер алды.
2026 жылғы 13 қаңтар күні №104 жалпы білім беретін мектепке Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері келіп, оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында таныстырылым өткізді. Кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламалары, аграрлық саладағы заманауи мамандықтар, оқу шарттары мен қабылдау талаптары туралы ақпарат берілді. Оқушылар аграрлық ғылым мен өндірістің даму бағыттарымен танысып, болашақ мамандықты таңдауға қажетті маңызды мәліметтер алды.
https://youtube.com/shorts/SIflWEPRTgI Тақырыбы:Достықтың түрлері. Оқу мақсаты:7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. 7.2.6.1 оқылым страгетияларын қолдану, коментарий жасау іріктеп оқу, зерттеп оқу. 7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану. Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мамыт Н.А
20.11.2025 ж, 13:30-да мектеп мәжіліс залында «Тіл – рухтың, әдебиет- жүректің үні» атты онкүндіктің жабылу кешін өткізді. Мақсаты: Қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орайластыра отырып, оның өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, өз шығармашылықтарын шыңдау, өлеңге, сөз өнеріне баулу, қазақ әдеби тілінің қасиетті екенін ұғындыру. Оқушылардың эстетикалық сезімін ояту,сахына мәдениетін меңгерту, көркем сөз оқу, ұлттық аспапта ойнау шеберліктерін
https://youtube.com/shorts/9he_4TQMU6s Тақырыбы: Ақтан жастың болашағын қалай елестетесің? Сабақта оқушылар кейіпкердің жарқын болашағын елестетіп, оны сипаттады, кейіпкердің қасиетін талдап, оның болашағы туралы болжам жасады, мәтінді талдай отырып, кейіпкердің бойындағы қасиеттерін анықтап, сол қасиеттерге сүйене отырып оның болашағы туралы өз болжамын жүйелі түрде сипаттай алды.