23.02.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы » № 104 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№104 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 23.02.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
23
март
2026

23.02.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы

2026 жылдың 23 ақпанында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Digital колледжінің өкілі Сұлтан Темірхан келіп, таныстырылым өткізді. Кездесу барысында колледждің білім беру бағыттары, IT және цифрлық технологиялар саласына қатысты мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, тәжірибелік дайындық мүмкіндіктері және қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Таныстырылым кезінде оқушыларға ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи мамандықтар, еңбек нарығындағы сұраныс, бағдарламалау, цифрлық жүйелер және болашақ кәсіби даму жолдары жөнінде түсіндірілді. Іс-шара оқушылардың цифрлық бағыттағы мамандықтарға қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етті.