22.05.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы » № 104 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№104 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22.05.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
22
май
2026

22.05.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы

2026 жылдың 22 мамырында 104-ЖББМ қабырғасында 9–11-сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар көрмесі» ұйымдастырылды. Іс-шараға Нархоз университеті, Алматы политехникалық колледжі, КазГАСА, Алматы қаласы Заң колледжі және AHEU өкілдері қатысты.

Көрме барысында жоғары оқу орындары мен колледждер өздерінің білім беру бағдарламаларын, мамандықтар спектрін, қабылдау талаптарын және оқу мүмкіндіктерін таныстырды. Сондай-ақ оқушыларға әртүрлі салалардағы (экономика, техника, құқық, сәулет, IT және қызмет көрсету) заманауи мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шараға 9–11-сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби бағыттары бойынша қажетті мәліметтер алды. Бұл көрме оқушылардың болашақ мамандық таңдауына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.