16
февраль
2026
16.02.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
2026 жылдың 16 ақпанында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Narxoz University колледжінің өкілі Ақын Арыстан келіп, таныстырылым өткізді. Кездесу барысында колледждің білім беру бағдарламалары, экономикалық және бизнес бағытындағы мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау талаптары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді.
Таныстырылым кезінде оқушылар болашақ мамандықты таңдау, нарықта сұранысқа ие бағыттар және оқу орнын бітіргеннен кейінгі кәсіби даму жолдары туралы сұрақтарына жауап алды. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, болашақ мамандық таңдауға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
