26.01.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы » № 104 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№104 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 26.01.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
26
январь
2026

26.01.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы

2026 жылдың 26 қаңтарында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Satbayev University өкілі Қабденов А. келіп, таныстырылым өткізді. Кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламалары, инженерлік-техникалық бағыттағы мамандықтары, оқу ерекшеліктері, қабылдау шарттары және білім алушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді.

Таныстырылым барысында оқушылар жоғары білім алу жолдары, болашақ мамандықты таңдау, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби бағытын айқындауға ықпал етті.