26
январь
2026
26.01.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
2026 жылдың 26 қаңтарында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында МАБ колледжінің өкілі Айдана Ғалимжанқызы келіп, таныстырылым жұмысын жүргізді. Кездесу барысында колледждің білім беру бағдарламалары, мамандықтары, оқу ерекшеліктері, қабылдау талаптары және студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Таныстырылым кезінде оқушылар колледжде білім алу жолдары, таңдаған мамандық бойынша кәсіби даму мүмкіндіктері және оқу үдерісі туралы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беріп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.