12
март
2026
12.03.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
2026 жылдың 12 наурызында 9Б және 9В сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы Технологиялық колледжіне барып қайтты.
Іс-шара барысында оқушыларға колледждің білім беру бағыттары, техникалық және өндірістік мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, заманауи жабдықтармен жұмыс істеу мүмкіндіктері және өндірістік тәжірибе ұйымдастыру тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сапар кезінде оқушылар колледждің оқу базасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Бұл іс-шара олардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, болашақ мамандық таңдауға дұрыс бағыт беруге ықпал етті. 