13.03.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы » № 104 ЖББМ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№104 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 13.03.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы
13
март
2026

13.03.2026 ж. кәсіби бағдар беру жұмысы

2026 жылдың 13 наурызында 9А, 9Ә және 9В сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Шевченко көшесі, 202 мекенжайында орналасқан Принтмедиа колледжіне барып қайтты.

Іс-шара барысында оқушыларға колледждің оқу бағыттары, полиграфия, дизайн, медиа және баспа ісі салалары бойынша мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, тәжірибелік сабақтар және қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттердің оқу барысындағы жобалық жұмыстары мен кәсіби дағдыларды меңгеру мүмкіндіктері көрсетілді.

Сапар барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдау және шығармашылық-техникалық бағыттағы кәсіби даму жолдары туралы толық мәлімет алды. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал етті.