14
январь
2026
Қазақ–Қытай халықаралық колледжінің өкілдері келіп кәсіби бағдар жүргізді
2026 жылғы 14 қаңтар күні №104 жалпы білім беретін мектепке Қазақ–Қытай халықаралық колледжінің өкілдері келіп, оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында таныстырылым өткізді. Іс-шара барысында колледждің білім беру бағдарламалары, сұранысқа ие мамандықтар, оқу ерекшеліктері мен қабылдау талаптары туралы ақпарат ұсынылды. Оқушылар халықаралық бағыттағы білім алу мүмкіндіктерімен танысып, болашақ мамандықты таңдауға қажетті маңызды мәліметтер алды.


