Бүгін 19.09.2019ж халықаралық отбасы күніне орай «Әкем анам және мен» атты спорттық іс шара өтті.Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Іс шараны ұйымдастырған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен,ат салысқан 5-сыныптардың сынып жетекшілері мен ата-аналарына өз алғысымызды білдіріп,отбасыларызға амандық тілейміз!
2026 жылдың 23 сәуірінде 10-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы Технологиялық университетіне (АТУ) барып, өндіріс механизмдерімен және оқу-өндірістік базамен танысты. Almaty Technological University
2026 жылдың 22 мамырында 104-ЖББМ қабырғасында 9–11-сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар көрмесі» ұйымдастырылды. Іс-шараға Нархоз университеті, Алматы политехникалық колледжі, КазГАСА, Алматы қаласы Заң колледжі және AHEU өкілдері қатысты.
2026 жылдың 23 сәуірінде 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өкілдері таныстырылым өткізді. Kazakh National Women’s Teacher Training University
2026 жылдың 13 сәуірінде 10–11-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған «Мамандықтар көрмесіне» қатысты. Al-Farabi Kazakh National University