2026 жылдың 23 ақпанында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Digital колледжінің өкілі Сұлтан Темірхан келіп, таныстырылым өткізді. Кездесу барысында колледждің білім беру бағыттары, IT және цифрлық технологиялар саласына қатысты мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, тәжірибелік дайындық мүмкіндіктері және қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
2026 жылдың 23 ақпанында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында KazGASA колледжінің өкілі Төлеубекова Аяулым келіп, таныстырылым өткізді. Кездесу барысында оқу орнының білім беру бағыттары, сәулет, құрылыс және дизайн саласына қатысты мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау талаптары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді.
2026 жылдың 13 наурызында 9А, 9Ә және 9В сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Шевченко көшесі, 202 мекенжайында орналасқан Принтмедиа колледжіне барып қайтты.
2026 жылдың 2 ақпанында 9–10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында АТЭК технологиялық колледжінің өкілдері таныстырылым жұмысын жүргізді. Кездесу барысында колледждің білім беру бағыттары, техникалық және жұмысшы мамандықтар, оқу процесінің ерекшеліктері, өндірістік тәжірибе мүмкіндіктері және қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
2026 жылдың 16 ақпанында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Narxoz University колледжінің өкілі Ақын Арыстан келіп, таныстырылым өткізді. Кездесу барысында колледждің білім беру бағдарламалары, экономикалық және бизнес бағытындағы мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау талаптары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді.
06. 02. 2026 күні ҒЖБ онкүндігі аясында 8 В-сынып оқушыларымен химия пәні мұғалімі Ниеталиева Ботагоз Аканкызы «Иондық байланыс» тақырыбында функционалдық тапсырмаларға негізделген сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар топтық және жұптық жұмыстар орындады. Тапсырмаларды орындауда жасанды интеллект мүмкіндіктері тиімді қолданылды. Бұл әдіс оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне, ойлау дағдыларын дамытуға және білімді өмірмен байланыстыра қолдануына ықпал етті.