01
октябрь
2022
1 қазан "Қарттар күніне" арналған қайырымдылық іс-шара
1 қазан «Қарттар күні» құтты болсын!
Мектебіміздің өзін өзі басқару ұйымы мен мектебіміздің жас ұстаздары қарттар үйіне барды. Мұндағы қамкөңіл жандар өздерін бақытты сезінетіндерін айтқанымен, кірпіктерінің астындағы кірбіңді жасырулары мүмкін емес. Жәудіреген жанар…Өз баласы өзегінен тепкен ата-ана…Күтімді қажет ететін қарияларды қажетсінбеген балалар... Кеудемізді өксік өртеп, өкініш кернеді.
Біз жарты сағаттың ішінде көп нәрсені аңғардық. Пейілі жоқ, жаны жүдеу жандарды көрдік. Жаның жабырқайды…Бағасыз байлық, безбүйрек бала, сауапсыз, қайтарымсыз мейірім көрдім. Көкірек қарттардың айдыны шығып төрімізді отырудың орнына қарттар үйінің босағасына телміруде. Қарты бардың-қазынасы бар. Сол қазынаны қажетсінбей, атасыз үйлері – батасыз, анасыз үйлері – панасыз қалса да, жалтыраған байлықтың артында жүрген ұрпақ барын білдік…
Себебі қартайғанда қараусыз, балаларының бағуынсыз қалған қаракөз жәудіреген көп жанар көрдік. Өркениетпен өркендеген сайын, рухани байлықтан суалып бара жатырмыз ба әлде?