01
март
2022
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық іс-шарамыз.
Қарбаласқан, қапылысқан заманда ағымға ілесеміз деп жүріп, өмірдегі ең маңызды дүниелерді естен шығарып аламыз. Бүгінгі күні тек өз отбасыңа, жақындарыңа ғана қарайласу – ащы болса да шындық. Осы олқылықтың орнын толтыруға тырысып, @104mektep ұжымы, ата-аналар мен сынып жетекшілерінің қолдауымен, 10 «А» сыныбымен бірге бізде де таңсық болған ортаға барып көруді шештік. Ұжымымыздың бет алған бағыты "Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі болу орталығы" Бұл орталықта 60 тан аса балапандар тәрбиеленіп жатыр, жас ерекшеліктері де әртүрлі. Барлығының жүрегіне жол таба білу, оларға туысқандықтың нышанын ояту үлкен еңбекті қажет етеді. Не десек те, балапандарымыздың бойында жасықтықтың болары сөзсіз. Жастайынан арбаға таңылған бүлдіршіндерімізге бір ғана жанның емес, қоғамның қолдауы қажет. Үйге қонақ келсе, кез келген бала қуанады емеспе?!Ал осы орталықтың тәрбиеленушілері сол қонақты ерекше асыға күтеді. Білемін. Бұл кездесу оқушыларымызға да өзгеше әсер етті. Олар балалармен түрлі ойындар ұйымдастырып, бір сәтке өздерінің де балалық шақтарын еске алды. Арнайы дайындап әкелген сыйлықтарымызды сыйладық.Бір түсінгеніміз, әр адам осындай орталықтарға барып тұруы тиіс. Себебі мұнда келіп әркім өзі іздегенін табады. Өмірдің қатал сынына іліккен жаны таза балаларға қарап, олардың кіршіксіз көңілдерімен өз жаныңызға да жайлылық сыйлайсыз..
Жақсылық жасап жарысайық!!!!
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
@auezovpoo_
@akimat_almaly