Жыламасын сәбилер » № 104 ЖББМ
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жыламасын сәбилер
08
январь
2020

Жыламасын сәбилер

8.01.2020 күні аға тәлімгер Асел Мәлікқызының ұйымдастыруымен мектебіміздің жас мамандары мен өзін өзі басқару ұйымы #1 балалар үйіне барды. Балалардың барлығының жүрегіне жол таба білу, оларға туысқандықтың нышанын ояту үлкен еңбекті қажет етеді екен...Не десек те, жетімнің бойында жасықтықтың болары сөзсіз. Жастайынан әке-шешенің құшағынсыз өскен бүлдіршіндерге бір ғана жанның емес, қоғамның қолдауы қажет. #1 балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақты ерекше асыға күтеді екен.Бұл кездесу ұстаздарымызға да,оқушыларымызға да өзгеше әсер етті. Балалармен аз уақыт болса да сөйлесіп,дайындап әкелген сыйлықтарымызды сыйладық.Бір түсінгеніміз,әр адам балалар үйіне барып тұруы тиіс. Себебі мұнда келіп әркім өзі іздегенін табады. Өмірдің қатал сынына іліккен жаны таза балаларға қарап, олардың кіршіксіз көңілдерімен өз жаныңызға да жайлылық сыйлайсыз..Балалар үйіне баруға ат салысқан барлық жандарға алғысым шексіз😘 Балаларға жасаған жақсылықтарыңыз,алладан қайтсын.