Жетімдер үйі » № 104 ЖББМ
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетімдер үйі
04
февраль
2019

Жетімдер үйі

Қарбаласқан, қапылысқан заманда ағымға ілесеміз деп жүріп, өмірдегі ең маңызды дүниелерді естен шығарып аламыз. Бүгінгі күні тек өз отбасыңа, жақындарыңа ғана қарайласу – ащы болса да шындық. Осы олқылықтың орнын толтыруға тырысып, мектебіміздің аға тәлімгері Асель апай шәкірттеріммен бірге таңсық болған ортаға барып көруді шешті.Ұжымымыздың бет алған бағыты Алматы қаласындағы "Жанұя" балалар үйі болатын. «Жанұя» балалар үйінде ой-өрісінің дамуында ахаулығы бар, асқынған созылмалы ауруымен ауыратын 506 бала, оның 88-і ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балалар тәрбиеленіп жатыр. Олардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Барлығының жүрегіне жол таба білу, оларға туысқандықтың нышанын ояту үлкен еңбекті қажет етеді. Не десек те, жетімнің бойында жасықтықтың болары сөзсіз. Жастайынан әке-шешенің құшағынсыз өскен бүлдіршіндерге бір ғана жанның емес, қоғамның қолдауы қажет. Үйге қонақ келсе, кез келген бала қуанады. Ал балалар үйінің тәрбиеленушілері сол қонақты ерекше асыға күтеді. Білемін. Бұл кездесу оқушыларымызға да өзгеше әсер етті. Олар балалармен түрлі ойындар ұйымдастырып, бір сәтке өздерінің де балалық шақтарын еске алды. Арнайы дайындап әкелген сыйлықтарымызды сыйладық.Бір түсінгеніміз, әр адам балалар үйіне барып тұруы тиіс. Себебі мұнда келіп әркім өзі іздегенін табады. Өмірдің қатал сынына іліккен жаны таза балаларға қарап, олардың кіршіксіз көңілдерімен өз жаныңызға да жайлылық сыйлайсыз.Ұйымдастырған мектебіміздің "Өзін өзі басқару" ұйымына алғысымыз шексіз