15
декабрь
2025
Алматы көпсалалы колледжінің өкілдері оқушыларға арналған кәсіби бағдар беру таныстырылымын өткізді.

2025 жылғы 15 желтоқсан күні №104 жалпы білім беретін мектепте Алматы көпсалалы колледжінің өкілдері оқушыларға арналған кәсіби бағдар беру таныстырылымын өткізді. Іс-шара барысында колледждің білім беру бағдарламалары, мамандық бағыттары, оқу шарттары мен қабылдау талаптары туралы ақпарат ұсынылып, оқушылар болашақ мамандықты таңдауға қажетті маңызды мәліметтер алды.