20
январь
2026
«Кәсіби бағдар беру: Бала арманы — болашақ мамандық»
Бастауыш 4-сынып оқушыларына «Кәсіби бағдар беру: Бала арманы — болашақ мамандық» тақырыбында іс-шара өткізілді. Онда оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат алып, өз армандары мен қызығушылықтарын білдіріп, болашақ мамандыққа деген оң көзқарас пен еңбекке құрмет сезімін қалыптастырды. Полиция аға лейтенанты Г. Кадирберлина курсанттарымен құқық қорғау саласындағы мамандықтарды таныстырып, ойындар мен жаттығулар өткізсе, тілші-журналист А. Мұратова журналистика саласының ерекшеліктерін айтып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Кездесу жылы әрі мотивациялық жағдайда өтіп, оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға маңызды қадам болуына әсер етті.

