«Бастауыш сыныпта ойын арқылы кәсіби бағыт-бағдар қалыптастыру» тақырыбында өткізілді
№104 жалпы білім беретін мектепте «Бастауыш сыныпта ойын арқылы кәсіби бағыт-бағдар қалыптастыру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына ойын технологиялары арқылы кәсіби бағыт-бағдарды түсіндіру, әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру және болашақ мамандық таңдауға алғашқы бағдар беру.
Іс-шара барысында ойын арқылы оқыту әдістерінің тиімділігі, рөлдік және дидактикалық ойындардың оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудағы маңызы жан-жақты қарастырылды. Мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын арқылы мамандықтар әлемімен таныстырудың тиімді жолдарымен бөлісті.
Семинарды бастауыш сынып мұғалімдері
Бимолданова Г.М., Ордаханова А.М., Әбілқасымова Н.Б. жүргізді.
Семинар барысында тәжірибелік тапсырмалар, ойын үлгілері мен әдістемелік ұсыныстар ұсынылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Аталған семинар бастауыш сынып оқушыларының кәсіби бағдарын ерте жастан қалыптастыруғабағытталған тиімді тәжірибе ретінде бағаланып, мұғалімдер үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті.

