⚜️«Келешек мектептері» жобасында инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. 🏢Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған: жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер қарастырылған. Мектептерде жеделсат
⚜️Елімізде алғаш рет ауқымды «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленуде ✍️Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы шеңберінде елімізде әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланған шараларды біріктіретін «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын жасақтау бойынша жұмыс жүргізілуде. 🌀Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Балаларды қорғау күніне орайластырылған Орталық коммуникациялар
🔉 #БалаларҮні республикалық челленджі басталды 📆 27 мамыр мен 1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік желілерде #БалаларҮні республикалық челленджі өтуде. ✔️ Челлендждің басты мақсаты — балаларға өз ойларын ашық айтуға, оның дауысының естілуіне және мектеп пен қоғамдық ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру. 📹 Челленджге еліміздің барлық өңірлеріндегі балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Қатысушылардан ұзақтығы 1 минуттан аспайтын қысқа
Оқу-ағарту министрі қазақстандық оқушыларды 2024-2025 оқу жылының аяқталуымен құттықтады 🇰🇿 Бүгін еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде «Білімім - Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатының аясында министр барлық мектеп оқушыларын 2024-2025 оқу жылын табысты аяқтауларымен құттықтады. 🖊️ Биылғы оқу жылы толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге толы болды. «Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткіш - 257 жаңа мектеп ашылды. Оқушыларымыз
Республикалық «Цифрлық педагог: Canva және Google жасанды интеллект құралдарын қолдану» байқауында "Креативті дизайн" номинациясы бойынша Салимов Дастан Мәлікұлы жеңімпаз атанып, 50 000 (елу мың) теңге көлеміндегі жүлдені ұтып алды! Жеңісіңіз құтты болсын!Шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!
2025 жылдың 16 мамыр айында №104 жалпы білім беретін мектепте мектеп инспекторы А.Ж.Қалдыбайдың қатысуымен 11-сынып оқушыларына жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, көлік құралдарын жалға алуға болмайтындығы және түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеу қажеттілігі туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында жүруге болмайтыны ескертілді.