⚜️Елімізде алғаш рет ауқымды «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленуде » № 104 ЖББМ
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ⚜️Елімізде алғаш рет ауқымды «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленуде
28
май
2025

⚜️Елімізде алғаш рет ауқымды «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленуде

⚜️Елімізде алғаш рет ауқымды «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленуде

✍️Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы шеңберінде елімізде әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланған шараларды біріктіретін «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын жасақтау бойынша жұмыс жүргізілуде. 

🌀Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Балаларды қорғау күніне орайластырылған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

📥 Аталған бағыттағы жұмыс Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Парламент депутаттарымен және азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуымен жүргізілуде.

💬«Бұл мемлекеттің, ата-аналардың, педагогтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік қызметтер мен ҮЕҰ өкілдерінің күш-жігерін біріктіретін Қазақстандағы алғашқы кешенді бағдарлама болады. Қазір біз балалық шақты қорғау саласында жасалған барлық істерді - нормативтік құжаттардан бастап нақты жағдайларға дейін - ненің тиімді екенін және қай тұстарын қайта қарауды қажет ететінін түсіну үшін мұқият талдап жатырмыз. Сондай-ақ статистиканы зерттейміз, себебі әрбір санның артында баланың тағдыры тұр», - деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

🛡️«Қазақстан балалары» бағдарламасы өскелең ұрпақ мүддесіне бағытталған тұрақты және дәйекті мемлекеттік саясаттың негізіне айналады. Оны іске асыру елдегі әрбір баланың құқықтары мен дамуын жүйелі қорғау үшін берік іргетас қалайды.