Төленді Айгерім Нұрахметқызы » № 104 ЖББМ
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Төленді Айгерім Нұрахметқызы
10
октябрь
2024

Төленді Айгерім Нұрахметқызы


Төленді Айгерім Нұрахметқызы               Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мамандығы: психолог

Мамандығы бойынша 2014 жылдан «Жан шуағы» орталығының директоры Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызының қолдауымен «Қарттар үйінде, Балалар үйінде» волонтер қызметін атқарды. «Қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері»  атты «24» академиялық сағаттық, «Әйел бақытының психологиялық ерекшеліктері» атты «36» сағаттық, «Психикалық денсаулықты нығайтуда психокоррекциялық жұмыстың ерекшеліктері» атты «36» академиялық сағаттық тренингтерден сертификаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің командирі майор М. Оспанқұловтан алған марапаттауы бар. Мамандық бойынша өндірістік практикадан «Ару-ана» сауықтыру (реабилитационный центр) орталығынан 1 ай, №5571 «Ұлттық ұлан» әскери бөлімшесінде 3 ай тәжірибеден өтті.

     2019 жылы «Тұлғаны психологиялық – педагогикалық тұрғысынан қолдау» ғылыми практикалық конференциясында белсенділік танытып, әдістемелік тәжірибе ауысқаны үшін – Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы Байгуттинов Б.К. мақтау грамотасын алды.

2019 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасының 140 сағаттық теориялық – практикалық білімді сәтті игергені үшін сертификатпен марапатталды.

2020  жылдың қыркүйек айында «Ізденіс» баспасына, «Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік – психологиялық бейімдеудің маңызы» тақырыбында мақаласы жарияланды.

2021 жылдың ақпан айында «Ізденіс» баспасына, «Отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны» тақырыбында мақаласы жарияланды. 

2021 жылы 4 Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының  3 орын жүлдегері;

5 Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасының 3 орын жүлдегері;

«Үздік маман» Республикалық онлайн-байқауының 2 орын жүлдегері;

«Үздік жыл психологы- 2022» аудандық байқауында – 1 орын, «Үздік жыл психологы- 2022» қалалық байқауында – 1 орын иеленді.

«Үздік жыл психологы - 2022» байқауының Республикалық кезеңінің жеңімпазы.

«Қазақстан Республикасында білім беру процесіне қатысушыларға тиімді психологиялық – педагогикалық көмек көрсетудегі иновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік көнференциясына қатысқаны үшін (спикер) сертификат иегері.

«Тәуелсіз елдің үздік ұстаздары» атты І Халықаралық педагогикалық байқауының «педагогикалық эссе» номинациясының 1 орын иегері.

Алматы қаласы, Әуезов ауданының білім бөлімінің басшысы З.К. Қойшыбаевадан - Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін берілген мадақтамасының иегері.

«Көркемсөз шебері - 2024» байқауының аудан бойынша – 1 орын, қала бойынша – 3 орын иегері.

«КВН» ойыны бойынша аудан бойынша – 1 орын, қала бойынша – 2 орын иегері.

«2023 Үздік сынып жетекші» аудандық кезеңі – 1 орын, қалалық кезеңі – бас жүлде иегері.

«Үздік психологилялық дидактикалық әдістемелер» – 2024» қалалық кезеңінің 2 орын иегері.

Жеке қасиеттері: Жұмысты ұйымдастыру жоғарғы деңгейде, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарайды, көпшілікпен тез тіл табысады, біліктілігін арттыру мақсатында үздіксіз ізденісте.