Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы » № 104 ЖББМ
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы
27
октябрь
2022

Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы

  • Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметтін жүзеге асырады;
  • Бекітілген формадағы құжаттар жүргізеді және оны дайындау бойынша қолданады;
  • Психикалық даму барысын бақылау мақсатында жиі зерттеу жүргізеді. 
  • Психологиялық көмекті қажет ететін адамдарды анықтайды, олардың есебін алады, бақылайды;
  • Психодиагностикалық жұмыс жүргізеді;
  • Тұлғаның психикалық денсаулығына қамқорлық жасайды;
  • Ата- аналармен, оқушы, сынып жетекшілермен тығыз байланыста болады;
  • Оқушылар, мұғалімдер , ата- аналар арасындағы ағарту, кеңес беру жұмысын жүргізеді;
  • Мектептің оқу- тәрбие процесі кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға;
  • Мектепке аптасына бір рет кезекшілігін атқаруға;
  • Тапсырыстардың түсуіне қарай психодиагностикалық жұмыстар жүргізуге;
  • Жаңа келген әрбір оқушымен жұмыс жүргізуге, талдау жасауға, бақылауда ұстауға;
  • Өтініштің түсіуіне қарай психокоррекциялық жұмыстар жүргізуге міндетті;
  • Білуге міндетті: 
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар мен жас ерекшелік әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихологиясы, психосоматикасы, Дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім беру және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық консультация беру және психопрофилактика, белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері, жеке және топтық консультацияның заманауи әдістері, баланың дамуын диагностикалау және түзету, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
  • Біліктілікке қойылатын талаптар:
  • "Психология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
  • Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған кезде педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер кемінде 5 жыл.


  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
     Еңбекке ақы төлеу мөлшері (педагогикалық еңбек өтілімі, санаты, магистр дәрежесі есепке алынбаған жоғары білімді маман бойынша): 140 000-144 102 теңге.


Шарттары белгіленген бос лауазымның атауы:

-Педагог-психолог – 1 бірлік (16 сағат);
 
 
 3. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: 

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
  • біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
     және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.


4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 28 қазан мен 07 қараша (қоса алғанда) аралығында.
 5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» (бұдан әрі - Қағидалар) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
 10) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
 
 

6. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.