Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы мен аға тәлімгер Асель Маликовна ардагер ата-әжелерімізді үйіне барып мерекелерімен құттықтап,сыйлықтарды табыстады. Қарияларымыздың қуанышында шек болмады, шәкірттерімізге сәттілік тілеп алғысын білдірді.
Аналарымыздың мерекесіне орай мектебімізде 8-10 сынып қыздарының арасында "Мектеп аруы-2019" атты байқау өтті.Байқау 5 - кезеңнен тұрды. Бас жүлдені 9 "А" сынып оқушысы Тұрған Альмира жеңіп алды.
Мектебіміздің "ЖасStar" театры қалалық "Театрдың ғажайып әлемі" атты балалар театры өнері фестиваль байқ ауында "Ең үздік әдеби- композиция" номинациясын және "Үздік режиссуpа" номинациясын жеңіп алды. Театр жетекшісі: Гүлдана Алиханқызы.