Бүгін таңғы сап түзеуде мектебіміздің директоры А. А. Мұхтарқұлова көңілді тапқырлар клубы сайысының жеңімпаздарын "Қошемет" ктк командасын аудан "Әкімі кубогымен" марапаттады.
Жастар жылы аясында Әуезов ауданы әкімдігі және #104 ЖББ мектептің ұйымдастыруымен аудандық мектеп оқушылары арасында «Күлкі ашылған гүл, Көңіл шашылған нұр» атты көңілді тапқырлар ойыны өтті. Осы керемет іс-шараны қайта жаңғыртып ұйымдастырған Әуезов ауданы әкімі Сайран Тәпенұлына , №104 ЖББМ ұжымы және директоры Айза Алпамысқызына алғысымызды білдіреміз! Жалпы сайысқа 1. 158 мектеп «Көңіл аудар» 2.173 мектеп-лицей «Мамасының баласы» 3.119 мектеп-лицей «Тек қана жастар» 4.72 мектеп «Тентек
Мектебіміздің аяулы ұстаздары саналы ұрпаққа сапалы білім берумен қатар сахна төрінде өздерінің шығармашылық шабыттарын шындауда! "Үздік кәсіподақ ұйымы" додасында өз өнері бөлімі бойынша Абай шығармашылығынан өлеңдер оқыды!
Мектебімізде " Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі" атты 5-11 сынып ұлдарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды. Мектебіміздің инспекторы Б. Р. Нусупов және аудандық КТІЖБ инспекторы Е. Шынакулов оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жасады.
Құрметті достар! Әуезов аудандық "Үздік кәсіподақ-2019", " Үздік кәсіподақ төрайымы" байқауында біздің мектеп үздік атанып бас жүлдеге ие болды!Қалаға жолдама алды! Құттықтауларыңызға көп-көп рақмет!
Құрметті достар! Әуезов аудандық "Үздік кәсіподақ-2019", " Үздік кәсіподақ төрайымы" байқауында біздің мектеп үздік атанып бас жүлдеге ие болды!Қалаға жолдама алды! Құттықтауларыңызға көп-көп рақмет!
2019 жылдың 3 қазанында Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында "Экосағат" атты ауқымды акция бастау алды. Бұл шараға 6000-нан астам мектеп, 2 миллионнан астам оқушы қатысты.Соның бірі Алматы қаласы әуезов ауданы #104 ЖББ мектеп оқушылары жоғары белсенділікпен қатысты. "Адам және табиғат" атты экосағаттар өткізілді.Бұл акция Қазақстанның экология,геология және табиғи ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиев ұсынысымен өткізілді.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға