"Алматы - біздің ортақ үйіміз" экоакциясы аясында Әуезов ауданы мектептері арасында “Құстарға үй сыйла” акциясы өтті. №104 жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мырзатаев Бақытжан Қошқарұлымен бірге мектеп оқушылары құстарға ұя жасады.
№104 жалпы білім беретін мектепте 6-сынып оқушылары арасында “Менің бауырым” еріктілер жобасы іске қосылды. Оқушылардың құқықтарын қолдау және қорғау арқылы олардың қолайлы және дамытушы білім беру ортасында тәрбиеленуіне үлес қосу мақсатында Алматы сервис колледжінің студенттерімен бірлескен жұмыс жоспары құрылып , оқушылармен танысу жұмыстары жүргізілді. #меніңбауырым