«Ашық есік» күні » № 104 ЖББМ
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ашық есік» күні
15
январь
2020

«Ашық есік» күні

Ұрпаққа тәлім беруде, білім сапасын жақсарту жолында, мектеп, ата-ана және оқушы үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытуы оң нәтижеге қол жеткізері сөзсіз.  Осы орайда мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтасты нығайту мақсатында мектеп жұмысының жоспарына сәйкес 5-11 сынып ата – аналары  үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Ата – аналар үшін қолайлы уақытқа ұйымдастырылған «Ашық есік» күні жақсы нәтиже берді. Ата – аналар өз қалауларымен пән мұғалімдеріне, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне сұрақтар қойып ойдағыдай жауап алды.Балаларының болашағы алаңдатар ата-аналарға сауалнама ұсынылды. Ата – аналар дән риза. Іс-шара соңында ұсыныстары мен пікірлерін қалдырған. Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны, мұғалімнің шеберлігі, оқушымен тығыз қарым – қатынасы, оқушылардың сабаққа қатысуы, жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі төңірегінде пікірлер жазылған. Сонымен қоса «Ашық есік» жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстар да болды.