18
январь
2020
Бүгін мектебімізде 5-11 сынып ата-аналарына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Бүгін мектебімізде 5-11 сынып ата-аналарына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды. Ата-аналардың жиналысы – әр отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан бұл шараға барынша мән берген абзал. Негізінде мектептегі тәрбие жұмысы нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен мектептің бірлескен әрекетінде екені белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі отбасының, балабақшаның, мектептің, барша елдің міндеті екендігін айтады. Шынымен де, тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықта. Өйткені баланың басты ұстазы – ата-ана.