Қызметкерді лауазымға тағайындау конкурсы » № 104 ЖББМ
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қызметкерді лауазымға тағайындау конкурсы
27
август
2022

Қызметкерді лауазымға тағайындау конкурсы

1. Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: 
​Алматы қаласы «№104 жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 050062, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 2-ықшамауданы, 59, байланыс телефондары: 8 (727) 276-09-62, 8 (727) 72 84 01, e-mail: school_104_ 

2. Негізгі функционалдық міндеттері: 
❖ Сырттан келген, сыртқа жіберілген құжаттарды тіркеуге;❖ Мектеп әкімшілігінің тапсырмаларының орындалуын қадағалауға;❖ Құжаттар бойынша ақпараттық анықтамалық қызмет етуге;❖ ОИЛ 1 есебін тапсырып отыруға;❖ Оқушылардың келген, кеткен қозғалысын есепке алу, бұйрық әзірлеуге;❖ Оқушылардың құжаттарының дұрыс сақталуына жауап береді;❖ Тиісті орындарға анықтамалар беруге;❖ Жоғарғы органдардан келген телефонаграммаларды қабылдауға;❖ Есеп тіркеу, мектеп әкімшілігінің тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау құжаттар бойынша ақпараттық- анықтамалық қызмет етеді;❖ Құпиялықты сақтай отырып қызметкерлердің ай сайынғы жалақы түбіртектерін жеке өздеріне беру. ❖ білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері (еңбек өтілімі, магистр дәрежесі есепке алынбаған жоғары білімді маман бойынша): 60 000 – 61 000 теңге. 
Шарттары белгіленген бос лауазымның атауы:
- Хатшы – 1 ставка.
 
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 27тамызы мен 6 қыркүйек (қоса алғанда) аралығында.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» (бұдан әрі - Қағидалар) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

7) наркологиялық ұйымнан анықтама.