27
январь
2025
Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2025 жылдың 27 қаңтар айында №104 жалпы білім беретін мектепте Әуезов АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі А.Ш.Жайберген және мектеп инспекторы Н.Чайбековамен бірлесе отырып, 8-сынып оқушыларына құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Адам өмірінің қауіпсіздігі туралы түсіндірілді. Профилактикалық әңгіме барысында оқушылар сұрақтар қойып, полиция қызметкерлері жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігімен және баптармен 127,441,442,440 таныстыра отырып, алдын алу шараларын түсіндіріп өтті.