Адал Ұрпақ » № 104 ЖББМ
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Адал Ұрпақ
04
февраль
2019

Адал Ұрпақ


№104 жалпы білім беретін мектептің 2018-2019 оқу жылының
қыркүйек- қаңтар айлары арасындағы
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша
атқарылған жұмыстарының есебі
[i][/i]

2018-2019 оқу жылында №104 жалпы білім беретін мектептің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту» туралы мектеп директорының 31.08.2018 ж №149 бұйрығы шығарылып, мектепте мектепішілік бақылау жоспары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың ережелері мен міндеттерін ұстану ұйымдастырылған, бақылау жасау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Б.Оразақыноваға жүктелген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (19 маусым 2017 ж) басшылыққа алына отырып, мектептің жұмыс жоспары құрылған.
Мектеп директорының 31.08.2018 ж №143 «Оқушылардан және ата- аналардан ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрығы шығарылып, барлық мұғалімдер таныстырылды.
Мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасайды. Оған 563 бала қабылданды. Дәлізде «Адал ұрпақ» стендісі орналастырылған.