МЕКТЕП ТАРИХЫ
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№104 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕКТЕП ТАРИХЫ
Мекен - жайы: Алматы қаласы Әуезов ауданы 2 ықшамаудан 59- үй
Мектеп директоры: Мұхтарқұлова Айза Алпамысқызы
Мектептің байланыс телефоны: 8 (727)276-09-62
Мектептің электрондық поштасы: school_104@mail.ru
Мектептің сыйымдылығы – 1040 оқушы
Мектептегі оқушы саны – 1180 оқушы
Сынып комплектісі – 44 сынып, МАД тобы – 2
№104 жалпы білім беретін мектеп 1963 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданындағы 2 ықшамауданы 59 үйде, сыйымдылығы 640 балаға арналып орыс тілінде оқытатын мектеп болып ашылған. 1993 жылы қазақ орта мектебі болып қайта құрылды. Оқушы саны – 1482, сынып комплектісі 53 болды.
2008 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен 400 орынды қосымша ғимарат салынып, бүгінгі таңда 1180 оқушы оқитын, 47 сынып комплектісі және 2 мектепалды даярлық тобы бар жалпы білім беретін мектепке айналды.
Мектептің қазақ мектебі болып қалыптасуына үлес қоса отырып, мектеп директоры қызметін 1994-1996 жылдар аралығында Гүлжанат Ерғалиқызы Омарова, 1996-2007 оқу жылында Қожахмет Тайболатұлы Назарбетов, 2007-2014 жылдар аралығында Ботакөз Әбенқызы Әбеубекова, 2015 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында директордың міндетін атқарушы болып оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләйла Өскенбайқызы Сыдықжанова тағайындалды. Ал 2015 жылдың шілде айынан бері мектепті Айза Алпамысқызы Мұхтарқұлова басқарып келеді. Бұл басшылардың игі бастамалары бүгінгі күнде жалғасын табуда. №104 жалпы білім беретін мектеп өз тарихында көптеген «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерін, түрлі байқаулардың жеңімпаздарын тəрбиелеп ұшырды. Осы жылдар аралығында №104 мектеп кешенді даму жоспарын жасап, талай игі істерге ұйытқы болды. Ұлы ұстаз əл Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек. Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат əкеледі» деген сөзінде терең мағына жатыр. Жас жеткіншектерге білім беруде ұстаздар осынау даналық сөзді басшылыққа ала отырып, əрбір баланы бір жұлдызға балап, жарқырауына жəрдем беруге тырысты. Мектеп шəкірттері түрлі аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық, ғылыми жоба, пəн олимпиадаларының, түрлі танымдық байқаулардың жеңімпаздары. «Кенгуру», «Ақбота», «Русский медвежонок», «Зерде» ғылыми жобалар байқауы, «Пифагор», «Жарқын болашақ», Абай, Мұқағали, Мағжан, Шəкəрім оқуларының жүлдегерлері атанған мектеп оқушылары да баршылық.
Ел ертеңі – білімді ұрпақтарды тəрбиелеуде Елбасының «Еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» даналық сөзін басты назарда ұстайтын, мектептің бағындырған белестері мен алған асуларында, жеткен жетістіктерінде іргетасын қалаған мектеп əкімшілігінің, мектептің ардагер ұстаздарының еңбегі өлшеусіз.
Атап айтар болсақ, Қалиева Роза Қалиқызы, Шөкенова Жанат Елеукенқызы, Жылқыбаева Гаухар Азатбекқызы, Ізбасарова Гүлбақыт Қабайқызы, Омарова Гүлжанат Ерғалиқызы, Назарбетов Қожахмет Тайболатұлы, Әбеубекова Ботакөз Әбенқызы, Мауленова Базаркүл Мұхтарқызы, Закиров Ғадилсағит Қабдулқайырұлы, Қарашев Әлімжан, Босақов Қажыкен, Чакаев Мажит, Қасабаева Гүлғайша, Жақыпбаева Зина, Уразахынова Жамбы, Байтасова Зауре, Бағлан Нұрлан, Нұрбаев Бақыт, Әтеева Тұрар, Манапов Нұрлан, Орынтаева Жұмақыз, Смайлова Майра, Рүстембекова Рая, Қарабаева Запихан, Сандықбаева Гүлнар, Абсалямова Сауле, Шалимбаева Әлия, Қарашева Гүлжан, Төлеубекова Гүлбану, Нақыпова Мариям, Мамилина Қарлығаш, Сыбайласова Жанар, Сакеева Гүлхан, Ануар Жанар, Мадраймов Бақытбек, Қапанова Айгүл, Таңмамбетова Шара, Сағымжанова Сандуғаш, Төлепбергенова Ғалия, Иманалиева Зарифа, Дюсембекова Бақыт сынды ұлағатты ұстаздардың қосқан үлесі шексіз.
Кез келген қызметте əріптестердің қолдауы аса маңызды. Ұжымдаса білудің, жұмыла жұмыс жасаудың басты кілті – əріптестер арасындағы сыйластықта. Бүгінгі мектеп жеткен толағай табыс – мектеп іргетасын қалап кеткен, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы ұлағатты ұстаздардың тамшыдай үлестерінен бастау алған, қажырлы еңбектерінің жемісі. «Ұстазсыз шəкірт – тұл». Нағыз ұстаз – бар қуаты мен білімін оқушыға сарқа береді, бірге қуанады, бірге шаттанады, бірге мұңаяды. Білім алған əр шəкірті «Ұстазыммен мақтанамын» деп жырға қосады, осыдан артық бақыт бар ма?!
Мектеп ұжымы өзара тату, ынтымағы жарасқан орта болып қалыптасқан.
Айза Алпамысқызы басшылық жасап отырған ұжым 2017 жылы аудандық және қалалық «Үздік кәсіподақ ұйымы» байқауында бас жүлде алса, 2018 жылы қалалық «Үздік педагогикалық ұжымы» байқауында ІІ орын иеленіп, мектептің әрбір мұғалімі 150 % сыйақымен марапатталды.
ҰБТ қортындысы бойынша Әуезов ауданы мектептері арасында үздік «Ондықта», жалпы білім беретін метептер бойынша І орынды иеленіп келеді. Мектеп ұсынған «Алтын белгі» иегерлері жоғары балдармен алтындарын ақтап, мемлекеттік грант иегерлері атанып жүр.
Мектептің материалдық-
техникалық базасы
Мектеп сыйымдылығы 1040 оқушыға арналған. 150 орындық асхана, оқу залы бар кітапхана, ақпараттық коммуналдық орталық, 2 спорт залы, 2 мәжіліс залы, 51 сынып кабинеттері бар. Мектептегі 29 кабинет сертификатталған.
Техника, өрт қауіпсіздігінің нұсқаулары жоспарлары бар. Екеуіне бөлек журналдар арналып, уақытында нұсқаулармен танысқандығы жөнінде қол қойылған. Азаматтық қорғаныс бойынша да жоспар жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілген. Әр қызметкердің қызмет бабындағы техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулары тігілген. Мектепті қолдануға берілген құжаттар, анықтамалар бар.
Мектептің материалдық-техникалық базасы жақсы деңгейде жасақталған.
- Мектептегі оқу кабинеттері - 49
- Информатика кабинеті - 2
- Спортзал - 2
- Алғашкы әскери дайындық кабинеті - 1
- Сертификатталған кабинет саны - 29
- Лингафондық – мультимедиалық кабинеті - 2
- Компьютерлік техника саны - 92
- Интернет желісіне қосылғаны - 20
- Физика кабинеті - 2
- Химия кабинеті - 2
- Биология кабинеті - 2
- Интерактивті тақтамен жабдықталған кабинет - 22
Оқушылар санына шаққанда , әр компьютерге 10 оқушыдан келеді.
Барлық кабинеттердің оқу-әдістемелік материалдары жүйеленген, кабинеттерде әр сыныпқа арналған электрондық оқулықтар қоры жинақталған.
Қауіпсіздік техникасы стенді, қауіпсіздік журналы, өрт қауіпсіздігіне байланысты құралдар бар .