Мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін және азаматтық ұстанымын қалыптастыру, патриоттық сананы тәрбиелеу, зерттеушілік қабілеттерін мен ғылыми ойлауын дамыту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды биология ғылымының қызықты мәліметтерімен таныстыру және білімді, білікті болуға, шапшаңдыққа, алғырлыққа, тез ойлауға, достарымен топтасып, жұмыс жасауға баулу.
Бүгін мектебімізде 10 сыныптар арасында мектепішілік пікірсайыс (дебат) турнирі өтті. Тақырыбы: БП XXI ғасырдың ең қажетті мамандығы. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ораторлық шеберлігін шыңдау, пікірталас мәдениетіне тәрбиелеу. #Пікірсайысқозғалысы #Пікірсайыс
Мектебімізде 7-8 сыныптар арасында интеллектуалдық сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бүгін мектебімізде 9 сыныптар арасында мектепішілік пікірсайыс ойыны өтті. Тақырыбы: БП жастардың сапалы білім алуына жағдай жасалған деп есептейді. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ораторлық шеберлігін шыңдау, пікірталас мәдениетіне тәрбиелеу. #Пікірсайысқозғалысы #Пікірсайыс @almatydaryny
3 ақпан күні ақиық ақын, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты 2-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
2 ақпан күні ақиық ақын, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты 5-10 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.