Байқауға ауданымыздың 14 мектебі қатысты. Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, №104 жалпы білім беретін мектептің 8 «Ә» сыныбының жетекшісі Төленді Әйгерім Нұрахметқызы жүлделі І орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жеңіс құтты болсын!
Коучингтің мақсаты: Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу. Коучинг жүргізушісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Кикымбаева Меруерт Кенжебековна
Бүгін №104 жалпы білім беретін мектепте «Бүкіл әлем менің сыныбымда» атты аудандық үздік сынып жетекшісі байқауы өтті. Байқауға ауданымыздың 14 мектебі қатысты. Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, №104 жалпы білім беретін мектептің 8 «Ә» сыныбының жетекшісі Төленді Әйгерім Нұрахметқызы жүлделі І орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жеңіс құтты болсын!
Бағдарламаның мақсаты: «Сабақты зерттеу» және «Іс әрекеттегі зерттеу» тәсілдерінің негізінде мұғалімдердің кәсіби білімін тереңдету және зерттеу дағдыларын дамыту.
Қарашаның 21-жұлдызында мектебімізде “Үйдегі ескі сурет тарихы” жобасы негізінде іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушының отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, отбасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру. Оқушылардың сөздік қорын молайту және өзара өнімді қарым- қатынас дамыту. Отбасы үшін мақтаныш сезімін тұрақтандыру және оқушы-сынып жетекші-ата-ана арасындағы мәдениеттің жақсаруы.