14
ноябрь
2019
8-10 сынып оқушыларының әр түрлі дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сыбдыры сұлу алтын күз» байқауы өткізілді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Мәңгілік елдің ұландары үнемі ізденісте жүретін, жан-жақты дамыған, жаһандық бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы керек» деген болатын. Осы орайда мектебіміздің 8-10 сынып оқушыларының әр түрлі дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сыбдыры сұлу алтын күз» байқауы өткізілді. Мақсаты: 1. «Сыбдыры сұлу алтын күз» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханзадасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. 2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. 3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Жалпы байқау 4 кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру 2. Шығармашылық қойылым (кез келген ақынның немесе жазушының шығармашылығынан поэзиялық немесе прозалық көрініс) 3. Күзгі себет (күз айында пісетін жемістерден жасалған себет ) 4. Күзгі образ. Сән үлгісін көрсету (күзгі киімдер үлгісі).Күзгі фотосессия (күзгі бақта немесе күзгі далада