28
ноябрь
2023
"Үйдегі көне сурет тарихы" жобасы
6 "В" сынып оқушылары “Үйдегі көне сурет тарихы” жобасы аясында ата-анасымен бірге сурет таңдап, сұхбаттаса отырып, сурет тарихымен сыныпта бөлісті.
Жобаның мақсаты: оқушының отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, отбасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру. Оқушылардың сөздік қорын молайту және өзара өнімді қарым- қатынасты дамыту.
Отбасы үшін мақтаныш сезімін тұрақтандыру және оқушы-сынып жетекші-ата-ана арасындағы байланысты нығайту.
Сынып жетекшісі:Хайдарова Акнур Жолдасовна