Мектебімізде “Даналық мектебі” жобасы аясында “Әжелер даналығы” атты іс-шара өтті » № 104 ЖББМ
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 276-09-62
Есеп бөлімі:
+7(727) 277-36-90
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде “Даналық мектебі” жобасы аясында “Әжелер даналығы” атты іс-шара өтті
24
январь
2025

Мектебімізде “Даналық мектебі” жобасы аясында “Әжелер даналығы” атты іс-шара өтті

[media=https://youtube.com/shorts/hmkNhWc1Lks?feature=share]

Мектебімізде “Даналық мектебі” жобасы аясында “Әжелер даналығы” атты іс-шара өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтармен сусындатып, әжелердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестерін жас ұрпаққа жеткізу болды.Іс-шараға мектебіміздің ақ жаулықты әжелері арнайы шақырылып, олар оқушыларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері, тәлім-тәрбиесі және ұлттық мәдениет туралы қызықты әңгімелер айтты. Әжелердің жылы лебіздері, өмірлік тәжірибелерінен алынған ақыл-кеңестері балалардың көңілінен шығып, үлкен әсер қалдырды.Бұл іс-шара баршаға жылы әсер қалдырып, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын тағы бір мәрте ұғындырды. Әжелеріміздің даналығы мен мейірімі оқушыларға үлгі-өнеге болып, олардың жүректерінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Похожие публикации: